02.03.2010, 17:23 3257

Шымкентте бопсалаушылық жасаған журналист ұсталды

Шымкентте бопсалаушылық жасаған журналист ұсталды

Шымкент. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Шымкентте қаржы полициясының қызметкерлері бопсалаушылық жасады деген күдікпен журналист әйелді ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің төрағасының орынбасары Тәжіхан Жақсыбаевқа сілтеме жасап.

""Ел бiрлiгi" газетінде істейтін журналист әйел жексенбі күні кәсіпкерден 300 мың теңге алып жатқан сәтте ұсталды", - деді Т. Жақсыбаев.

Оның айтуынша, журналист бір құрылыс фирмасының қызметіндегі заңсыздықты анықтап, осы жөнінде мақала жазбау үшін кәсіпкерден ақша талап еткен.

Т. Жақсыбаевтың айтуынша, қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Журналист әйел ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны