30.05.2007, 15:22 2256

Шымкентте ИЧ-167/3 түрмесінде тәртіпсіздіктер ұйымдастырған жазасын өтеушілердің туыстарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 21-мамырда ИЧ-167/3 түрмесінде тәртіпсіздіктер ұйымдастырған жазасын өтеушілердің туыстарына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокурорының аға көмекшісі Асқар Бектенов хабарлады.

"Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Шымкент қаласы Абай аудандық ІІБ Сабыр Илиев пен басқа да тұлғалардың үстінен бұзақылық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы, 2-тармағы, "а" тармақшасы бойынша бұзақылық жөнінде қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлайды А.Бектенов.

Оның айтуынша, 20-мамыр күні 18 сағат 30 минут шамасында абақтының жанында жиналған адамдар өз туыстарымен жолықтыруды талап еткен. "Талабы қанағаттандырылмағаннан кейін олар ИЧ-167/3 мекемесінің ғимаратына тас жаудыра бастаған. Бұл қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу болып саналады",- деді А.Бектенов.

Прокурордың аға көмекшісінің ақпаратына сәйкес, ИЧ-167/3 мекемесінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзушылардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қоюға шара қолданған кезде "тәртіп бұзушылар қызметкерлерге тіл тигізіп, қорлаған". Прокуратураның мәліметінше, бұзақылық әрекеттерге Абай аудандық ІІБ-ның арнаулы оперативтік тобы келгенен кейін ғана тыйым салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны