05.10.2009, 14:37 1441

Шымкентте ІІД Тергеу басқармасының тергеушісі пара алып жатып ұсталды

Шымкентте ІІД Тергеу басқармасының тергеушісі пара алып жатып ұсталды

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте ІІД Тергеу басқармасының тергеушісі пара алып жатып ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 қазанда Шымкент қаласында облыстық денсаулық сақтау басқармасы ғимаратының жанында ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ІІД Тергеу басқармасының тергеушісін ұстады, ол бір тұлғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда шықпау туралы қолхат беру түрін тағайындау, сондай-ақ істі жеңілдету үшін одан 60 мың теңге пара алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны