07.02.2008, 19:00 2791

Шымкентте колледж оқытушысы студенттен грантқа көшіру үшін ақша талап еткен

Шымкентте колледж оқытушысы студенттен грантқа көшіру үшін ақша талап еткен

Шымкент. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте экономикалық колледждің оқытушысы алаяқтығы үшін құрықталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіндегілер журналистерге хабарлады.

Қаржы полициясының хабарлауынша, колледж оқытушысы студентті ақылы бөлімнен грантпен оқуға көшіру үшін 125 мың теңге талап еткен. Алайда, оқушының әкесі қаржы полициясына хабарлап, оқытушы қылмыс үстінде құрықталды.

Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны