07.06.2007, 10:34 1313

Шымкентте көші-қон комитеті облыстық басқармасының қызметкері парақорлығы үшін ұсталды

ШЫМКЕНТ. 7-маусым. Kazakhstan Today. Шымкентте көші-қон комитеті облыстық басқармасының қызметкері парақорлығы үшін ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің жемқорлықпен күрес бөлімінің бастығы Серік Өтембаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Департамент қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон комитеті басқармасының қызметкерін өз жұмыс бөлмесінде 40 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте қолға түсірді",- деді С.Өтембаев.

Оның айтуынша, басқарма маманы бұл ақшаны жуырда ғана тарихи отанына келген репатрианттан талап еткен. "Бұл ақшаға ол оралманды квота алушылардың тізіміне енгізіп беруге күш салуға уәде берген",- деді С.Өтембаев. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны