16.01.2008, 11:41 1682

Шымкентте лаңкестікке айыпталғандардың үстінен сот басталды

Шымкентте лаңкестікке айыпталғандардың үстінен сот басталды

Шымкент. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте лаңкестікке айыпталған бір топ адамның үстінен сот басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, салафиттердің "жихадтық" қанатының өкілдері болып табылатын еліміздің 15 азаматы айыпкер деп танылған. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 9 бабы бойынша, соның ішінде лаңкестік топ құрып басқару, лаңкестікті насихаттау мен лаңкестік әрекетке баруға жариялы түрде шақыру жөніндегі баптар бар. Бүгін Ил-Фараби аудандық сотында судья Шара Бейсембиеваның басқаруымен бірінші сот отырысы өтеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23-35 жас аралығындағы жастар тобын Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері өткен жылғы көктемде құрықтаған. Тұтқындардың үйінде жүргізілген тінту кезінде жарылғыш заттар мен оларды жасауға арналған құрамды бөлшектер, қару-жарақ, экстремистік сипаттағы әдебиет, Шешенстанда қолға түскен ресейлік әскерилерді жазалау оқиғалары мен Ауғанстандағы қанды қырғындар бейнеленген бейнематериалдар тәркіленген.

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің үшінші басқармасының қызметкерлерінің аты-жөні мен қызметтік телефон нөмірлері көрсетілген тізімі, барлық қызмет түрлерінің қызметкерлерін жоюға берген рұқсат (фатва), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті ғимаратының орналасқан жері мен көшелері көрсетілген сызбасы тәркіленген.

Ұсталған лаңкестер Облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратын жарып, арнаулы қызметтің қызметкерлерін өлтірмек болған.

Тергеу 8 айға созылды. Облыстық прокуртураның баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, іс материалдары 50 томға жетті. Айыпкерлердің басым бөлігі өз кінәсін мойындамай, айыптарды жоққа шағаруда. Алайда, тергеудің пікірінше, ұсталғандардың кінәсін растайтын дәлелдер жеткілікті жиналды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны