25.02.2010, 17:20 3633

Шымкентте ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған төрт азамат ұсталды

Шымкентте ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған төрт азамат ұсталды

Шымкент. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Шымкентте ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған төрт азамат ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше қылмыс жасаған қылмыстық топты құрықтады.

ІІД ақпаратына сәйкес, "өткен жылдың қараша айында сағат 18-40-та Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне Республика даңғылында орналасқан бір ломбардқа қарақшылық шабуыл жасалды деген хабар түсті. Беттеріне бетперде киген үш белгісіздер ломбардта бағалаушы-менеджер болып жұмыс жасайтын 1977 жылы туған азаматтқа күш қолданып, шолақ қарумен қорқытып және скотчпен байлап сейфте кепілдікте болған бағалы алтын бұйымдарды алып кеткен. Жалпы құны екі жарым миллион теңгені құрайтын 199 түрлі бағалы бұйымдарды қолды еткен белгісіздер, ломбардтың есігін сыртынан жауып, белгісіз бағытқа бой тасалаған".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында үстіміздегі жылдың ақпан айында, осы қылмысқа қатысты деген күдікпен төрт азаматты ұстады.

Олар еш жерде жұмыс істемейтін Шымкент қаласының 1987, 1983 және 1984 жылы туған азаматтары.

"Алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізу барысында, күдіктілердің екі ұрлық жәйітіне қатысы бар екені анықталды. 2009 жылдың қазан айында Байтұрсынов көшесінде орналасқан ойынханаға кілт теру арқылы еніп "LG" маркалы 14 дана және үстіміздегі жылы ақпан айында Спорт ықшам ауданындағы тағы да бір ойынханаға кілт теру арқылы кіріп 15 дана компьютерді алып кеткен. Ұрлаған заттарын қаладағы базарларда сатып, тапқан ақшаны өз қажеттіліктеріне жаратқан",- делінген хабарламада.

"Қазіргі уақытта күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 179- бабы "қарақшылық" және ҚР ҚК 175-бабы "ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сезіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, сезіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Қылмысқа қатысты 1991 жылы туған бесінші күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде",- деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны