24.12.2009, 16:15 3172

Шымкентте облыстық салық комитетінің қызметкері есірткі заттарын сату барысында қылмыс үстінде ұсталды

Шымкентте облыстық салық комитетінің қызметкері есірткі заттарын сату барысында қылмыс үстінде ұсталды

Шымкент. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті ЕБҚКБ-ның қызметкерлері "Құқық пен тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында үлкен мөлшерде героин сату жәйті бойынша облыстық салық комитетінің қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер 54 жастағы ер адамды Шымкент қаласындағы өз үйінде 60 грамм есірткі заттарын сату барысында қылмыс үстінде ұстады.

Пәтеріндегі жатын бөлмесін тінту барысында 2 грамм апиын мен медициналық таразы тәркіленді. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Қылмыстық іс қозғау іс-шаралары жүргізілуде.

Жыл басынан бері заңсыз есірткі айналымынан 400 кг есірткі заттары тәркіленіп алынды, оның 30 кг героин.

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 119 есірткі сатушы ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны