13.08.2008, 17:51 3118

Шымкентте ОҚО ҰҚКД қызметкерлері заңсыз есірткі сатқаны және қару алып жүргені үшін іздеуде болған екі күдіктіні ұстады

Шымкентте ОҚО ҰҚКД қызметкерлері заңсыз есірткі сатқаны және қару алып жүргені үшін іздеуде болған екі күдіктіні ұстады

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың 9 тамызында ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу-жедел тобы заңсыз есірткі сатқаны үшін іздеуде болған айыпталушыны ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оған қатысты қылмыстық істі ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қозғаған болатын.

Онымен бірге бұған дейін сотталған тағы бір азамат ұсталды, одан "ТТ" маркалы тапанша оқ-дәрілерімен бірге тәркіленді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған екеуі де ҰҚКД тергеу изоляторына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны