15.05.2008, 18:13 4332

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жанындағы колледж деканына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жанындағы колледж деканына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкент. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте алаяқтық жасады деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жанындағы колледж деканына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мамыр айының басында департаментке аталмыш колледждің студенті шағым жасаған. Оған себеп балалы болуы себепті емтихан тапсыруға мүмкіндігі болмаған студентті колледж оқудан шығарып жіберген. "Студент емтиханға кіруге көмектесу үшін деканға жолыққанда ол студенттен 1000 АҚШ долларын талап еткен. Ақысына оқуға қайта қабылдап оң бағалар қойдыруға көмектесуге уәде берген", - деп хабарлады Ж. Мамытова.

Жедел әрекеттер нәтижесінде декан делдал арқылы 100 мың теңге алып жатқан кезінде қолға түсті.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қамаудағыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл баптың қолданылу себебі студенттерді колледжге қабылдау деканның құзырына жатпайды. Тиісінше ол ақшаны алдау және сенімді асыра пайдалану жолымен алған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылы білім беру саласындағы ашылған сыбайлас жемқорлық қылмыстары күрт артқан. Егер де былтыр жыл бойында қаржы полициясы 69 қылмыстық іс қозғаса, биыл жыл басынан бері 71 қылмыстық с қозғалған. Олардың қатарына сеніп тапсырылған бөтен мүлікті шығындау, лауазымын асыра пайдалану, пара алу, алаяқтық қылмыстары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны