24.07.2008, 10:01 1425

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының ҰҚКД қызметкерлері заңсыз ойынхананы анықтады

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының ҰҚКД қызметкерлері заңсыз ойынхананы анықтады

Шымкент. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте заңсыз ойынхана анықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ҰҚК департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ҰҚК департаменті алған шұғыл мәліметтер бойынша облыс орталығында орналасқан "Шымкент" қонақ үйінде "VICTORIA GR" ЖШС тиесілі "Бинго" ойын орталығының аумағында қазіргі заңды бұза отырып, ойынхана жұмыс істеген. Онда ойын ставкалары үнемі қабылданып отырған", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны