16.09.2009, 18:55 3214

Шымкентте полиция кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді қолға түсірді

Шымкентте полиция кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді қолға түсірді

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте полиция кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 13 тамызында түнде бетперде киген белгісіз үш адам Шымкент қаласындағы ЖШС-ның 55 жастағы директорының үйіне баса-көктеп кіріп, пышақпен және қарумен қорқытқан, өзін, әйелі мен баласын байлап, 5,5 млн теңге мен 42 мың АҚШ долларын және жалпы құны 20 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарды иеленген.

Шымкент қаласының ІІБ Ил-Фараби полиция бөлімінің жедел кезешісі қарулы шабуыл туралы хабарлама алысымен, оқиға болған жерге тез арада жедел топты жіберді.

Осы күні аталған факт бойынша ҚР ҚК 179-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қылмысты ашу үшін құрылған жедел-тергеу тобы қыркүйек айының басында осы қылмысты жасауға күдікті адамдар туралы ақпарат алды. Қабылданған шаралармен 13 қыркүйекте бұрын 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған қылмыстық ортада "Танк" лақап атымен белгілі 37 жастағы азамат пен Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Қамалғандарды олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын одан әрі тексеру барысында қылмысқа қатысқан үшінші адам - бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстау мақсатында оған қатысты іздестіру іс-шаралары жүзеге асырылуда",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны