19.10.2009, 16:28 3088

Шымкентте полиция қызметкерін өлтірді деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Шымкентте полиция қызметкерін өлтірді деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте полиция қызметкерін өлтірді деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Полиция қызметкерлері Шымкент қаласында "Айшуақ - Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады, олар ағымдағы жылдың мамыр айында Алматы қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілін автомашинамен қасақана соққан, нәтижесінде полиция қызметкері операциялық үстелде қайтыс болды",- деді Қ.Жұманов.

"Криминалдық ортада едәуір беделі бар ұсталғандар қазіргі уақытта Алматы қаласына айдалды. Полицейді қасақана өлтірумен қатар оларға бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін айып тағылуда",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны