18.06.2008, 17:45 3193

Шымкентте полицияның жалған қызметкері қамауға алынды

Шымкентте полицияның жалған қызметкері қамауға алынды

Шымкент. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекетік мекеменің техникалық инспекциясының бас маманы өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көкөніс сәкісінің иесіне айыппұл салмақшы болған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ОҚО ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасына қаланың 51 жастағы тұрғыны арыз жазған. Арызында ол әйел полиция қызметкерлерінен өзін ішкі істер бөлімінің қызметкері ретінде таныстырған бір азаматқа шара қолдануды өтінген.

Жедел-іздестіру шараларының барысында ОҚО ІІД ІҚБ қызметкерлері Мемлекетік мекеменің техникалық инспекциясының бас маманы болып табылатын қаланың 48 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол жалған құжаттарды толтырып, әйел адамға айыппұл салмақшы болған кезде жалған полиция қызметкері қамауға алынған. Заттай айғақ - 20 мың теңге көлеміндегі ақша тұтқындалғанның кеуде қалтасынан табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 181-бабының 2-тармағы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны