17.09.2009, 14:23 3093

Шымкентте тәртіп сақшылары 2 кг жуық героин тәркіледі

Шымкентте тәртіп сақшылары 2 кг жуық героин тәркіледі

Шымкент. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері "Допинг" жедел іс-шарасы барысында, 2 кг жуық есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шымкент ҚІІБ Патрульдік полиция полкы және ОҚО ІІД ЕБҚКБ-ның қызметкерлері "Допинг" жедел іс-шарасын жүргізу барысында, күдікті ретінде 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталған азаматтың жеке басын қарау барысында, қолында ұстап тұрған полиэтилен пакеттің ішінен ақшыл-сұр түсті ұнтақ тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген ұнтақ 1 кг 720 грамм есірткі заты - героин екені анықталды.

Ұсталған азамат қамауға алынып, оның үстінен ҚР ҚК 259-бабы "Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны