11.01.2008, 16:34 2894

Шымкентте төтенше жағдайлар министрі құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге жаңа техникалар табыс етті

Шымкентте төтенше жағдайлар министрі құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге жаңа техникалар табыс етті

Шымкент. 11-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 15 жаңа техника алды. Көліктердің кілттері мен басқа да құтқару техникаларының құжаттарын Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бізде техникалардың барлығы дерлік кеңес заманында сатып алынған, бірақ біз қазір оларды жаңартуға қатысты шұғыл шаралар қабылдаудамыз. Бұл мәселеге үкімет түсіністікпен қарап отыр",- деді В. Божко. Жаңа көліктердің қатарында КамАЗ базасындағы халықаралық стандарттар бойынша жабдықталған құтқарушыларға арналған арнайы көліктер де бар.

Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, жаңа техникалар сатып алуда қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне басым назар аударылатындығын айтып өтті. "Құтқару техникаларының кейбір түрі Қазақстанда да шығарылады. Мысалы, Оралда өрт сөндіру техникалары шығарылады, біз отандық өндірушілерімізді қолдай отырып, осы техникаларды сатып алатын боламыз".

Бүгін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар бағдарламасына сәйкес, ол Шардара су бөгеніне барып, бөгендерді көреді және де Отырар ауданындағы Сырдария өзенінің бойындағы қауіпті аймақтарды айналып ұшу, сонымен қатар облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құрылымдарына барып қайтады деп жоспарланған болатын. Бірақ В. Божко Қарағанды облысыныңдағы "Абай" шахтасындағы апат туралы хабар алғаннан кейін сапарын доғарып, Қарағандыға ұшып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны