14.12.2009, 15:08 3287

Шымкентте учаскелік инспектор қызмет бабындағы міндетін атқару барысында ауыр жарақаттанды

Шымкентте учаскелік инспектор қызмет бабындағы міндетін атқару барысында ауыр жарақаттанды

Шымкент. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте учаскелік инспектор қызмет бабындағы міндетін атқару барысында ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"11 желтоқсан күні кешке полицияның аға лейтенанты, 23 жастағы учаскелік инспектор Тұрар Артықбаев қызды қорғаймын деп ішінен оқ тиіп жарақаттанды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шымкенттің Еңбекші полиция бөліміне шағымдана келген 21 жастағы қыз өзіне 50 жастағы ер адамның қырындап қалмай жүргенін, оның ұдайы телефон соғып, кездесуді талап ететінін жеткізген. Осы шағымның жайын тексеру үшін оқиға орнына Т. Артықбаев қызбен және оның жездесімен бірге барған.

"Ер адам оларды қарумен қарсы алған, полицияға шағымданғаны үшін жазасын алатынын айтып қызға қоқан-лоққы жасаған. Ол қару кезеніп, қызды атпақ болған, сол кезде учаске инспектор қаруды алуға ұмтылған кезде ішінен оқ тиіп жарақаттанды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр дәрежеде деп бағалауда.

Күдікті келесі күні ұсталды, қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр.

Т. Артықбаев ішкі істер органдарында үш жылдан бері істеп жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны