22.05.2009, 17:00 2836

Шымкентте ҰҚКД қызметкерлері шағын бейнекамераларды сатып жүрген адамды ұстады

Шымкентте ҰҚКД қызметкерлері шағын бейнекамераларды сатып жүрген адамды ұстады

Шымкент. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте ҰҚК ОҚО департаментінің қызметкерлері ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау қызметінің мамандарымен бірлесе отырып шағын бейнекамераларды сатып жүрген адамды ұстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰҚК ОҚО департаментінің қызметкерлері ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау қызметінің мамандарымен бірлесе отырып, жедел іздестіру іс-шараларының барысында құпия ақпараттар алу үшін пайдаланылатын арнаулы техникалық құралдарға жататын, ішінде шағын бейнекамерасы бар қаламсапты 7 мың теңгеге заңсыз сатып жүрген Шымкент тұрғынын ұстады", - делінген хабарламада.

ҰҚКД мәліметінше, "ұсталған азаматқа тиесілі дүкендерді тексерген кезде әлгіндей қаламсаптың тағы да төрт данасы табылып тәркіленді".

"Бұл дерек бойынша ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 143-ші бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны