05.03.2007, 16:24 3749

Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аумағынан айыпкер қашып кетті

ШЫМКЕНТ. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аумағынан айыпкер қашып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҰҚКД таратылған хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"Есірткі бизнесіне байланысты ұсталған Сайрам ауданының 36 жастағы тұрғыны департамент аумағынан қашып кетті",- делінген хабарламады. Оқиғаның мән-жайы айтылмаған.

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары облыс тұрғындарынан қашқының жүрген жері туралы кез-келген ақпарат беруді сұрап, ақпараттың құпиялығы сақтауға және сыйақы бөлуге уәде беріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны