17.04.2008, 16:17 2839

Шымкентте №1 қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкентте №1 қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкент. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері №1 қылмыстық-атқару инспекциясының бастығын пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД -нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Юстиция капитаны қала тұрғынынан түзеу жұмыстарынан мерзімінен бұрын босату жөніндегі материалдарды дайындап беру үшін ақша бопсалаған. Бұл қызметі үшін ол $200 талап еткен", -делінген хабарламада.

Қазір тұтқын Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД -нің тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны