16.04.2009, 15:23 3213

Шымкентте жедел жәрдем ауруханасының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте жедел жәрдем ауруханасының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкент. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жедел жәрдем ауруханасының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ОҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің(қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО бойынша ЭСЖҚД "Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының" бұрынғы лауазымды тұлғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 314- бабының 1-тармағы бойынша (Қызметтік жалғандық жасау) қылмыстық іс қозғалды. Ол күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізгендігі жөнінде көпе-көрнеу жалған актіге қолын қойып, ауруханаға 44 600 000 теңгеге зиян келтірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны