26.10.2016, 17:35 4151

Шымкентте жыл соӊына дейін 230-дан астам сыртқы бейнебақылау камералары орнатылады

Өӊірдегі қылмыстық ахуал бойынша баяндама жасаған облыстық Жергілікті полиция қызметініӊ басшысы Б.Абылаев 9 айда аса ауыр қылмыс саны 14,7 пайызға, қарақшылық шабуыл 20,6%, бұзақылық 11,2%, ал жол-көлік оқиғалары 4,3 пайызға азайғанын айтты.

Шымкент. 26 қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте жыл соӊына дейін 230-дан астам сыртқы бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Өӊірдегі қылмыстық ахуал бойынша баяндама жасаған облыстық Жергілікті полиция қызметініӊ басшысы Б.Абылаев 9 айда аса ауыр қылмыс саны 14,7 пайызға, қарақшылық шабуыл 20,6%, бұзақылық 11,2%, ал жол-көлік оқиғалары 4,3 пайызға азайғанын айтты.

Сонымен қатар баяндамашыныӊ мәліметі бойынша көшедегі және қоғамдық орындардағы қылмыс санын азайту мен жол апатын төмендету мақсатында жыл соӊына дейін облыс орталығында 236 сыртқы бейнебақылау камералары мен 10 жол қиылысына арналған арнайы камералар орнатылатын болды.

Аймақ басшысы қылмыстық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жиынныӊ күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы М.Марайым облыстыӊ жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.

Бүгінгі күнге облыстағы 3272 бюджеттік мекемелерініӊ 2816-на жылу берілген. Ал өӊірдегі орталықтандырылған жылу жүйелерінен қамтылатын 2278 көпқабатты тұрғын үйдіӊ 2118-не жылу беріле бастады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жайын күн тәртібінен тыс қалдырмаған облыс әкімі барлық аудан, қала әкімдеріне және тиісті сала басшыларына кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан бір жерден құжат алу мүмкіндігін ұйымдастыруды тапсырды. Яғни, кәсібін ашамын деген әрбір азаматқа қолдау білдіріп, қағазбастылықтан арылуды міндеттеді.

Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев барша мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойын өз деӊгейінде атап өтілуін жіті қадағалауды және әрбір көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар күтетін жеткізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс, деген болатын.

Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады.

Біз еӊ ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осыныӊ өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдіӊ сапасына селкеу түсіреді.

Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады.

Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маӊызды қадам.

Біз құқықтық нигилизмді жеӊіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек.

Біз әлеуметтік бүлдіргі пиғылды жұмысқа орналасу мәселесімен байланыста қарауымыз керек. Біз қоғамдық орындардағы бұзақылық әрекет үшін жеке іс қағазында және резюмеде міндетті түрде көрсетілетін және жұмысқа қабылдау, қызмет сатысы бойынша өсіру кезінде ескерілетін жаза қолдануды енгізуіміз керек.

Мұныӊ бәрі қоғамдық өмірдіӊ нормасы болуға тиіс",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны