28.10.2016, 16:17 4611

Шымкенттіӊ кеденшілері 9 айда 38 млн. 296 мыӊ 491 теӊгеніӊ заӊсыз тауарын тәркіледі

Жыл басынан бері 9 айда осы бекеттіӊ қызметкерлері заӊсыз тауар айналымы бойынша 94 оқиғаны анықтап, тиісті шара қолданылған.

Шымкент. 28 қазан. Kazakhstan Today - "Шымкент - Кедендік рәсімдеу орталығыныӊ" мамандары 9 айда 38 млн. 296 мыӊ 491 теӊгеніӊ заӊсыз тауарын тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жыл басынан бері 9 айда осы бекеттіӊ қызметкерлері заӊсыз тауар айналымы бойынша 94 оқиғаны анықтап, тиісті шара қолданды.

Атап айтсақ, 17 іс сотқа жолданса, 77 іс мемлекеттік кірістер департаментінде қаралған. Нәтижесінде 7 млн. 449 мыӊ 755 теӊге көлемінде айыппұл салынды. Ал, өткен жылыныӊ есептік мерзімінде кеденде 74 заӊбұзушылық анықталып, 15 іс сотқа жолданып, 5 млн. 173 мыӊ 20 теӊге айыппұл салынған болатын.

Контрабандалық тауарларды және заӊсыз зат айналымын анықтауда соӊғы технологиялармен қатар үйретілген иісшіл иттер де пайдаланылады. Оларды тәжірибелі кинологтар жаттықтырады. Жуырда орталық кинологтары иттерді жаттығудан өткізіп, дайындықтарын тағы бір пысықтады. Жаттығу барысында төбеттер көліктерде жасырылған есірткі заттар мен ақшаны тапты.

Орталықта кедендік құн бойынша 2135 қосымша тексеру жүргізіліп, 2000 түзету енгізілген. Нәтижесінде қосымша 1 млрд. 297 млн. 361,5 теӊге анықталды. Сондай-ақ биыл 6729 транзиттік декларация рәсімделген. Мемлекет басшысы Жолдауында "100 нақты қадам" бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне тоқталған болатын. Бұл құжатта кедендік рәсімдеуді жеӊілдету, қауіпсіздікті күшейту, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау көзделген. Аталған кеден бекеті осы бағытта жұмыс жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны