23.04.2015, 18:58 4015

ШЫҰ шеӊберіндегі ынтымақтастық мәселелері ҚР СІМ-де талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚР кезектен тыс президент сайлауыныӊ үрдісін Шанхай ынтымақтастық ұйымынан бақылаушылар миссиясын басқарған ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцевпен кездесті

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚР кезектен тыс президент сайлауыныӊ үрдісін Шанхай ынтымақтастық ұйымынан бақылаушылар миссиясын басқарған ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцевпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министр бақылаушылар Миссиясы өкілдерін құру бойынша жүргізген жұмысы үшін ШЫҰ Хатшылығына алғысын білдіріп, бұл Ұйым шеӊберіндегі Қазақстанмен қарым-қатынастардыӊ жоғары деӊгейін растайды деп атап өтті. Халықаралық бақылаушылардыӊ сайлауда жемісті жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасалынғанын қоса айтты, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.


Сұхбаттастар ШЫҰ шеӊберіндегі өзекті мәселелерді, атап айтқанда, ү.ж. Уфа қаласында өтетін ШЫҰ Саммитіне дайындығын, ШЫҰ мүше мемлекеттердіӊ Сыртқы істер министрлер кеӊесініӊ биылғы отырысына дайындығын, мүшелікке жаӊа мемлекеттерді қабылдау арқылы ШЫҰ кеӊею жақтарын және ШЫҰ диалогы бойынша бақылаушы мемлекеттер мен серіктес елдерді анықтау мәселелерін талқылады.

Қауіпсіздік саласы қазіргі таӊда ШЫҰ экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларынан асып түсуде екені атап өтілді. Лаӊкестікке, сепаратизм және экстремизмге, кибер қылмысқа қарсы тұру мәселелері Ұйым шеӊберіндегі ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыты болып табылады.

Е. Ыдырысов ШЫҰ құрылғалы бері зор тәжірибе жиналып, маӊызды келісімшарт-құқықтық база құрылып, мүше-мемлекеттердіӊ құзыретті органдары арасында тығыз байланыстар жасалынып, Өӊірлік лаӊкестікке қарсы құрылымныӊ атқарушы комитеті іске қосылып, осыныӊ бәрі бірігіп, өӊірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлесін қосатындығын атап өтті.

Сұхбат барысында тараптар ШЫҰ шеӊберінде ынтымақтастықтыӊ экономикалық саласын белсендіру қажеттілігін атап өтті.

"Ұйымға мүше мемлекеттердіӊ бірлескен саяси ниеті бүкіл ШЫҰ кеӊістігіндегі әлеуметтік-экономикалық өсіміне ықпалын тигізе алады, - деп Е. Ыдырысов, - мүше мемлекеттер халықтары Ұйым қызметін түсініп, нәтижесін көре алатындай нақты шаралар қолдану қажет", - деді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны