10.07.2015, 17:19 3464

ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшылары Уфа декларациясын қабылдады

ҚР Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларыныӊ мәжілісіне қатысты және оныӊ барысында Уфа декларациясы қабылданды

Астана. 10 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларыныӊ мәжілісіне қатысты және оныӊ барысында Уфа декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәжіліске Қазақстан Президенті Н.Назарбаев, Ауғанстан басшысы М.Гани, Қырғызстан Президенті А.Атамбаев, Моӊғолия басшысы Ц.Элбегдорж, Ресей Президенті В.Путин, Тәжікстан басшысы Э.Рахмон, Өзбекстан Президенті И.Кәрімов, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Үндістан Премьер-Министрі -Н.Моди, Пәкістан басшысы Н.Шариф сонымен қатар ШЫҰ-ныӊ Бас хатшысы Д.Мезенцев, БҰҰ Бас хатшысыныӊ саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дж.Фельтман, АСЕАН Бас хатшысы Ле Лыонг Мин, ШЫҰ-ныӊ өӊірлік терроризмге қарсы құрылымыныӊ Атқарушы комитетініӊ директоры Ч.Синьфэн, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Мәжіліске қатысушыларға қайырылған Елбасы бүкіл әлемдік қауымдастықты алаӊдатып отырған жауапты кезеӊде ШЫҰ қаншалықты өміршеӊдігін дәлелдейтін сыни кезеӊнен өтіп жатқандығын атап өтті.

"Өзініӊ қызметке кіріскен алғашқы күнінен бастап, шанхай үдерісі ашық, теӊдестірілген көпжақты құрылым ретінде көрсетуде. Сол себепті біз Үндістан мен Пәкістанды ұйымға мүше етуге бағытталған процедураларды іске қосуды қолдаймыз. Үндістан мен Пәкістанныӊ халықаралық беделі мен экономикалық әлеуеттері біздіӊ ұйымымыздыӊ болашағын үлкен үмітпен байналыстырады",-деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сөзінде ұйымныӊ сапалы жетіліп келе жатқандығыныӊ жарқын көрінісі ШЫҰ-ныӊ 2025 жылдарға дейінгі даму Стратегиясы болып табылатындығын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны