12.05.2008, 16:47 2672

ШҚО ІІД жүрдек "Марс-700" амфибиялық катерін сатып алды

ШҚО ІІД жүрдек "Марс-700" амфибиялық катерін сатып алды

Семей. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті жүрдек "Марс-700" амфибиялық катерін сатып алды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ШҚО ІІД баспасөз қызметінде хабарлады.

"Жүрдек "Марс-700" амфибиялық катерін жыл бойы жеті жолаушыны, зембілге салынған бір зардап шеккен мен оның қасындағы медициналық қызметінің өкілдерін немесе 700 келі жүкті тасымалдауға арналған ", -деді баспасөз қызметінің жетекшісі Лариса Поломошнова.

Амфибиялық катер аса жүрдек әрі ұтқыр. "Ол қар мен мұз үстімен сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүрсе, сумен сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүзеді. "Марс-700" жеңіл жүру арқылы браконьерлерді, қойылған қақпандар мен ауларды тауып, қашқындардың ізіне түсе алатын жағдайы бар", - деп атап өтті ІІД.

"Браконьерлер аң мен балық аулауға немесе тыйым салынған уақытқа қарамастан кедергісіз келе береді. Кейбір жағдайда қылмыскерлердің техникалық жабдықтары полиция қызметкерлерінен асып түседі. Ішкі істер департаментінің жетекшілері жағдайды түзеу туралы шешім қабылдап, заманауи техника арқылы табиғаттың нағыз қорғаушысы бола алатынын көрсетпекші", - деп түсіндірді Л. Поломошнова.

Оның сөздері бойынша, ШҚО 15 мамырда 25 күнге созылған "Нерест" операциясы аяқталады. Табиғатты қорғау және мал дәрігерлік полициясы балық инспекциясымен бірлесе отырып 157 рейдтік шараны өткізіп, 183 құқықтық бұзушылықты анықтады.

Балық аулау және балық қорын қорғау ережесін бұзғаны үшін 1183 адам әкімшіліктік жауапкершілікке тартылып, 558 мың теңгеге айыппұл салынды . Сотқа 24 іс жіберілді. Заңсыз ауланған 408 келі балық, 8 қайық, 20 шақырымнан аса ау тәркіленді.

"Жуырда Бұқтарма су қоймасында Құйған ауылының маңайында ұзындығы 400 метрге жететін ауды құрмақшы болған екі браконьер ұсталды. Олар амфибиялық катер арқылы құрықталды. Алыстан полиция қызметкерлерін көрген браконьерлер қамыстың арасында жасырынып қалмақшы болған. Басқа жағдайда олар табылмас еді, бірақ 30 ат күші бар қозғалтқыш "Марсқа" төтеп бере алмайды "!" - деп атап өтті ІІД мал дәрігерлік полиция және табиғатты қорғау бөлімінің бастығы Батырхан Сүлейменов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны