15.10.2009, 18:47 3067

ШҚО прокуратурасы екі ресейлік кәсіпкерді өлтіруге қатысты іс бойынша айыптау қорытындысымен келісіп, істі сотқа тапсырды

ШҚО прокуратурасы екі ресейлік кәсіпкерді өлтіруге қатысты іс бойынша айыптау қорытындысымен келісіп, істі сотқа тапсырды

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы екі ресейлік кәсіпкерді өлтіруге қатысты іс бойынша айыптау қорытындысымен келісіп, істі сотқа тапсырды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Арнайы прокурор жетекшілік еткен мекемеаралық тергеу тобы Шығыс Қазақстан облысында ресейлік екі кәсіпкерді өлтіруге қатысты іс бойынша тергеуді аяқтады", - деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Алдын-ала тергеу кезінде алынған ақпаратқа сәйкес, бұл қылмысты ШҚО бір кеден бекетінің бастығы басшылық еткен топ 2008 жылғы күзде жасаған. "Осы істің аясында үш тұлғаға ҚР Қылмыстық кодексінің сегіз бабы бойынша айып тағылды, соның ішінде тұрақты әрекет ететін қарулы қарақшылық топқа қатысу және басқару, екі кісіні өлтіру, алаяқтық, қаруды заңсыз сатып алу, алып жүру, тасымалдау және сақтау жөніндегі баптар", - деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Ресми өкілдің хабарлауынша, тергеудің жорамалы бойынша, аталған қылмыстық топқа қатысушылар құрбандардан жалпы құны 170 млн теңгенің тауарларын алып, сосын оларды өлтіріп, мәйіттерін Семей қаласынан тысқары адам аяғы баспайтын жерге көміп тастаған.

"Тергеу нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы айыптау қорытындысымен келісіп, 13 қазанда айыпкерлер сотқа тапсырылды", -деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны