19.06.2014, 20:09 3268

ШҚО-да "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауы өтуде

Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауы өтуде. Онда ШҚО-ның 77 кәсіпорны өз өнімдерін таныстырды.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауы өтуде. Онда ШҚО-ның 77 кәсіпорны өз өнімдерін таныстырды.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында республикада бұл байқау жыл сайын өткізіледі. Тауар "Халық тұтынуының тауары", "Азық-түлік өнеркәсібі", "Өңдеуші өнеркәсіп" топтары бойынша іріктелген, деп ШҚО ақпараттық орталығы.

Қатысушыларды облыстық сараптамалық комиссия бағалайды. Қатысушылардың басты мақсаты тауарларының сапалы болуында.

Көрмеде өндірістік тауарлар мен киім-кешек, аяқ киім, жиһаз және өзге заттар қойылды.

Кәсіпкерлер жаңа өнімдерімен таңдай қақтырды.

Байқау лауреаттары Астанада өтетін республикалық "Қазақстанның үздік тауары" шарасына жолдама алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны