21.07.2014, 20:34 3100

ШҚО-да мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері зерттелуде

ШҚО-да мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне арналған сараптамалық фокус-зерттеу басталды. Жұмыс тобы архитекторлық-қала құрылысы, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. ШҚО-да мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне арналған сараптамалық фокус-зерттеу басталды. Жұмыс тобы архитекторлық-қала құрылысы, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сараптама қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар беріледі, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанда мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне арналған сараптамалық фокус-зерттеу тізімінде соңғы аймақ болды. Бұл ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Қазақсатндағы БҰҰДБ бірлескен жобасы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шаралар бірінші кезекте жергілікті билік органдары үшін қажет. Себебі, мемлекеттік қызметті көрсету стандартын орталық мемлекеттік органдар жасақтағанымен онымен етене жақын жұмыс істейтіндер жергілікті атқарушы органдар.

"Кейбір жағдайларда орталық органдардың стандарттары жергілікті органдардың қызмет көрсетуіне ыңғайсыз болып келеді. Нәтижесінде қызмет көрсету сапасы ақсайды", - деп Электронды қызметті және қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің директоры Абылайхан Аспанов ағынан жарылды.

ШҚО-да фокус-зерттеу жұмысы 3 күнге созылады, ал нәтижесі 23 шілдеде белгілі болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны