11.05.2014, 19:48 3293

ШҚО-да мүгедектерді оқыту үшін оқыту-өнеркәсіптік комбинаттары жаңғыртылады

Жалпы, оның айтуынша, биыл мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны арттыру үшін 7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлем 7%, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 15% көбейеді.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Үкіметтік делегацияның Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова "Мүгедектердің құқын қорғау мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау үшін мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті.

"Шығыс Қазақстан облысы мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке тартуда алдыңғы қатарлы тәжірнибег ие. Біздің сапарымыздың басты мақсаты бүгінгі мамандарды дайындау, алайда облыстың мүгедектер үкіметтік емес ұйымы өкілдерімен және мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесудің де сәті түсіп отыр. Бұл өңірде аталмыш бағыт бойынша айтарлықтай ірі жұмыстар қолға алынуда және қазіргі таңда біз кейбір мәселелерді шешу жолдарын талқылаудамыз. Өздеріңізге де белгілі, Президент өзінің кезекті Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз қоғам құруды шегелей тапсырды", - дейді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарға "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы арқылы жұмысқа тұру мен кәсіп ашу мүмкіндіктерін түсіндіру керек.

Сонымен қатар, кездесу барысында ШҚО-да мүгедектерге арналған оқыту-өнеркәсіптік комбинаттарды жаңғыртудың қанатқақты жобаларын жүзеге асыру туралы ұсыныс тасталды. Дайындық жұмыстары биыл басталмақ.

"Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа бір қуанышты жаңалық бар. Ол - әлеуметтік жәрдемақы көлемін арттыру. Сонымен қатар, біздің делегация жаңа заң жобасын таныстырып отыр. Ол үшін біз қоданыстағы заңдарға 30 түзету 8 кодекске 4 түзету енгіземіз. Бастысы - мүмкіндігі шектеулі жандарды барынша молынан жұмыспен қамту мен жаңа кәсіптер ашуға жағдай жасау", - дейді министр.

Жалпы, оның айтуынша, биыл мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны арттыру үшін 7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлем 7%, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 15% көбейеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны