30.06.2014, 22:48 7115

ШҚО-да нашақорлықтың алдын алу акциясы өтті

ШҚО-ның Катон-Қарағай ауданында жастардың қатысуымен "Есірткіге жол жоқ" тақырыбында акция өтті. Ол "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру барысындағы нашақорлықтың алдын алу айлығының аясында өтті.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. ШҚО-ның Катон-Қарағай ауданында жастардың қатысуымен "Есірткіге жол жоқ" тақырыбында акция өтті. Ол "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру барысындағы нашақорлықтың алдын алу айлығының аясында өтті.

Акция аясында Үлкен Нарын ауылының жастары мен Катон-Қарағай ауданының жастары "Есірткіге жол жоқ" буклеттерімен шықты, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

Катон-Қарағай ауданы жастар орталығының өкілі Жанна Дүспектің айтуынша, шара жастармен қоғамның назарын нашақорлық проблемасына қаратуға бағытталған.

Акция барысында қатысушылар ақпараттық-насихаттық материалдар таратты. Сондай-ақ, аудандық балалар кітапханасында "Біз салауатты өмір салты үшін" акциясы ұйымдастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны