12.05.2010, 17:14 2945

ШҚО-да осыдан 11 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер Тюмень қаласында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды

ШҚО-да осыдан 11 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер Тюмень қаласында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Бородулиха аудандық орталығында 1999 жылдың мамыр айының соңында жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тюмень қаласында 37 жастағы Павлодар облысының тұрғыны ұсталды. Осы уақытқа дейін мемлекетаралық іздестіруде жүрген қылмыскер 33 жастағы жергілікті тұрғынды өлтіргенін мойындады. Қазіргі уақытта ол қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадицияланды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны