13.05.2014, 20:40 1581

ШҚО-да ТжКБ-ға дуалды білім беру жүйесін енгізу бойынша форум өтті

ШҚО-да дуалды білім беру жүйесін енгізу бойынша форум өтті

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Өскеменде ҚР Президентінің Қазақстанда дуаылды білім берудің ұлттық моделін жасау туралы тапсырмасын іске асыру аясында "Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына дуалды білім беру жүйесін енгізу тәжірибесі" атты III Республикалық форум өтті.

Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Ибдіхалықова, білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Сонымен қатар, шараға "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚР білім және ғылым қызметкерлері одағының кәсіби одағы" ЗТБ мен кәсіподақ федерациялары, ҚР барлық өңірінің білім беру басқармасының өкілдері, ұлттық компаниялар және дуалды оқытудағы халықаралық сарапшылар қатысты.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, елдің 2050 жыла дейінгі стратегиялық дамуының басты міндеттемелерінің бірі еңбек өнімділігін арттыру, ал ол үшін жаңа еңбек ресурстарын ашу керек. Алдын ала болжам бойынша, 2015-2017 жылдары кадр тапшылығы байқалмақ. Бұл елдегі демографиялық жағдаймен байланысты. Өйткені ол жылдары елдегі негізгі жас мамандардың толқыны 90-ыншы жылғы азаматтар болмақ. Өздеріңізге де белгілі, бұл уақытта респуликада туу көрсеткіші төмен болған. Сонымен қатар техникалық мамандықтар мен қара жұмыс мамандары да тапшы болмақ.

Дуалды білім берудің негізі сапалы кәсіптік жұмысқа негізделген. Ол оқу мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы жүзеге асады.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, форум қорытындысы бойынша "Білім беру туралы" заңға бірқатар өзгертулер енгізу жоспарланған.

Кездесу қорытындысында білім және ғылым министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ШҚО әкімдігі арасында меморандумдарға қол қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны