09.07.2014, 22:59 2963

ШҚО-да жасыл желекті құру мен оны қорғау және қамтамасыз ету ережесі бекітілді

ШҚО-да Қазақстан Республикасының орман қорына енбейтін осы өңірдің жасыл желегін құру мен оны қорғау және қамтамасыз ету ережесі бекітілді.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. ШҚО-да Қазақстан Республикасының орман қорына енбейтін осы өңірдің жасыл желегін құру мен оны қорғау және қамтамасыз ету ережесі бекітілді.

ШҚО ақпараттық орталығының мәліметінше, жаңа ереже облыс аумағындағы барлық жасыл желекті есептеудің алғышартын құрып, сонымен қатар оны қорғау мен қалпына келтіруге мүмкіндік ебреді. Онда көгалдандырылған жерлерді жоюдың шарттары көрсетіліп, сол бойынша жер иесі тек қана ағаштарды өз еркімен кесу құқынан айырылмай, сонымен қатар оны қорғауға да міндеттеледі.

"Сонымен қатар мәжбүрлі сүру мен жасыл желекті санитарлы кесу үшін заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғаларға да құзіретті органдарға өтініш әкеліп, арнайы рұқсат алуы қажет. Және де көшетті отырғызатын нақты күнді белгілей отырып ағашты қырқудың орынн толтыру бойынша кепілдік хат пен жер теліміне құқық беретін осынау құжаттың көшірмесін алып келу керек. Жоғарыда аталған шарттарды орындамай жасыл желекке зиян келтірген жан тиісті заңнамаға сай жазаланатын болады", - делінген хабарламада.

Ережеде сонымен қатар көгалдандырылған аймақтардағы азаматтарға қойылатын талаптар көрсетілген. Соның мазмұнымен өсімдікті жұлу мен кесуге, рұқсатсыз от жағуға, учаскіні ластауға, ағаш діңгектерін кесуге, ағашқа жарнама мен хабарландыру жабыстыруға тыйым салынады. Сонымен қатар рұқсат етілмеген жерге көлік қою мен жууға да болмайды", - делінген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны