10.07.2014, 19:29 3956

ШҚО-да жолдағы апаттар 6%-ға азайды

Шығыс Қазақстан облысында 9-15 шілде аралығында "Жылдамдық" атты жедел-алдын алу шарасы өткізіледі. Апта ішінде тәртіп сақшылары ІІО қызметкерлерін барынша молынан қатыстыра отырып облыс жоларындағы жол қозғалысына бақылауды күшейтеді.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында 9-15 шілде аралығында "Жылдамдық" атты жедел-алдын алу шарасы өткізіледі. Апта ішінде тәртіп сақшылары ІІО қызметкерлерін барынша молынан қатыстыра отырып облыс жоларындағы жол қозғалысына бақылауды күшейтеді.

ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, ЖКО сараптамасының көрсеткіші бойынша, өңірегі автокөлік апаттарының басты себептерінің бірі көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан белгіленген жылдамдықтан асырылуы болып табылады. 6 ай ішінде осы себептің кесірінен 170 жол апаты шықты. Соның салдарынан 33 адам қайтыс болып, 16 мыңнан астам адам жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

"Икімшілік полициясы басқармасының мәліметінше, 2014 жылдың 6 айында ШҚО-да 580 жол апаты тіркелген. Онда 71 адам қайтыс болып, 720 кісі түрлі деңгейдегі жарақат алды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ЖКО көлемі 6%, ал жарақаттану деңгейі 8%-ға азайған", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны