11.05.2014, 19:35 3374

ШҚО-ға үкіметтік делегация жұмыс сапарымен барды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Ибдіхалықова бастаған үкіметтік делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Ибдіхалықова бастаған үкіметтік делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, дуалды оқыту жүйесінің халықаралық сарапшылары, облыс әкімдері мен ҚР барлық өңірінің білім беру басқармаларының өкілдерінен тұратын делегация Өскемендегі бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Аралау бағарламасына "Азия Авто" зауыты, №11 мектеп-гимназиясы білім беру нысаны, Өскемен көппрофильді технологиялық колледжі мен хоккей модулі енді.

Сонымен қатар, Өскемен көп профильді колледжінде делегация "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының, "Өнеркәсіптік электрик" неміс стандарты бойынша оқытудың эксперименталды бағдарламасының іске асырылу барысымен танысып, колледждердің оқыту шеберханаларын аралады.

Күннің екінші жартысында "Алтай" технопаркінде "Техникалық және кәсіби білім беруге дуалды оқыту жүйесін енгізу жұмыстарының тәжірибесі" атты III Республикалық Форум өтеді.

Шара аясында "Ерекше мамандық" көрме-таныстырылым ұйымдастырылады. Оның мақсаты кадр дайындау үшін республиканың кәсіпкерліктерінен әріптестер тарту болып табылады.

Жұмыс сапарының қорытындысында кей мамандықтар бойынша оқу орындары мен кәсіпкерліктер арасында меморандум құрылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны