20.04.2011, 14:06 6302

ШҚО-ның жергілікті тұрғынынан 1400 астам тасбақа тәркіленді

ШҚО-ның жергілікті тұрғынынан 1400 астам тасбақа тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өскемен. 20 - сәуір. Kazakhstan Today - ШҚО-ның жергілікті тұрғынынан 1400 астам тасбақа тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қызыл ауыл шекара заставасында Бородулиха ауданына қарасты "Ауыл" ауылында тұратын Е. есімді кәмелеттік жасқа толмаған жігіт "Урал" мотоциклімен қолға түсіп, оның сөмкесінен 1 410 тасбақа табылған.

ШҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тасбақаларды қайда және қандай мақстапен алып бара жатқандығы туралы сұраққа бала дұрыс жауап бере алмаған. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралап, шығын мөлшері анықталуда.

"Жәндіктерді зоологиялық дүкенге сатуға шығару мақсатымен тасымалдауы мүмкін. Соңғы жылдары тасбақаларға деген сұраныс айтарлықтай артқан. Осы тәркіленген тасбақа түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмесе де, оны заңсыз жолмен аулау және заңсыз жолмен сату заңға қарсы іс болып табылады. Қазір ең бастысы жасөспірімді заңсыз әрекет етуге тапсырыс берген адамды анықтау маңызды", - деді ШҚО ІІД Табиғатты қорғау және ветеринария бөлімі бастығының орынбасары Сергей Осинцев.

Фото: thedailygreen.com.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны