07.11.2019, 17:12 7407

Шонжы шекара жасағының шекарашылары "Талдысай" шатқалында 9 браконьерді қылмыс үстінде қолға түсірді

Сарыағаш шекара жасағының шекарашылары "Ынтымақ" шекара заставасының учаскесінде тағы бір шекара бұзушыны ұстады

Нұр-Сұлтан. 7 қараша. Kazakhstan Today - Шекарашылар 9 браконьерді және бір шекара бұзушыны құрықтады.

Жуықта ғана браконьерлердің заңсыз әрекетінің кесірінен "Охотзоопрома" инспекторы қаза тапқан сәтте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерліктің жазасын қатайтуды тапсырған еді.

Соған қарамастан, заңның талабынан қорықпайтын кейбір азаматтар әсіресе шекаралық аймақтарда заңсыз әрекеттермен айналысуды жалғастыруда. Алайда, олар шекарашылар мен шекара маңында тұратын халықтың қырағылық факторын ескере бермейді.

Сонымен, өткен демалыс күндері ерікті жасақтың мүшесінен келіп түскен ақпарат бойынша Шонжы шекара жасағының шекарашылары "Талдысай" шатқалында 9 браконьерді қылмыс үстінде қолға түсірді. Барлығы да ҚР азаматы. Құқық бұзушылардың қолында аң аулайтын қару-жарақ және сойылып бұзылған бір қапшық ет болды. Одан әрі, Нарынқол аудандық полиция бөлімінің, прокуратура мен ҰҚК қызметкерлерімен берлесіп жүргізген тиісті іс-шаралар барысында тағы да 4 қару-жарақ запас ұңғыларымен, оқ-дәрілерімен, сондай-ақ 60 кг астам ет және мүйізі бар Маралдың басы табылды.Ұсталғандар заттай айғақтарымен бірге Райымбек аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Сарыағаш шекара жасағының шекарашылары "Ынтымақ" шекара заставасының учаскесінде тағы бір шекара бұзушыны ұстады.

Шекара наряды қызмет атқару барысында ӨзР шекарасы жаққа қарай біздің аумақпен қозғалып бара жатқан белгісіз адамды көріп қалады. Шекара бұзушы ештемеден сезіктенбестен алға қарай жүріп келіп шекараны бөліп тұрған сеткі қоршаудан өтер кезде ұсталды.

Өзінің айтуы бойынша 1997 жылғы туған Өзбекстан Республикасының азаматы. Тиісті іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны