24.06.2014, 20:30 3995

Щучинск қаласында республикалық "Алау" әскери-спорттық ойындардың шешуші кезеңі басталды

Бүгін Ақмола облысының Щучинск қаласында республикалық "Алау" әскери-спорттық ойындардың шешуші кезеңі басталды. Байрақты бәсекені ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білімнің оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Ақмола облысының Щучинск қаласында республикалық "Алау" әскери-спорттық ойындардың шешуші кезеңі басталды. Байрақты бәсекені ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білімнің оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Ойын қазақстандықтарды отансүйгіштікке, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Шешуші кезеңге облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы іріктеу турларынан оқ бойы озып шыққандар қатысуда. Жалпы қатысушылар саны - 160 адам, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ойын бағдарламасында жекеше және командалық жарыстар қарастырылған. Жеңімпаздар есімі 27 маусымда белгілі болады. Сонымен қатар, аталмыш республикалық ойында жеңген команда Халықаралық әскери-спортық байқауға қатыстырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны