26.05.2010, 16:00 2947

Шу алқабында Қырғызстан азаматынан 89 килограмм дайындалған марихуана алынды

Шу алқабында Қырғызстан азаматынан 89 килограмм дайындалған марихуана алынды

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Шу алқабында Қырғызстан азаматынан 89 килограмм дайындалған марихуана алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"23 мамырда көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД-нің қызметкерлері Шу алқабынан марихуанна жинап жүрген 44 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын ұстады. Одан 80 килограмнан астам кептірілген өсімдік тәркіленді. Келесі күні көліктегі полиция қызметкерлері дәл осы ауданда 60 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады. Одан 89 килограмм дайындалған марихуана алынды",- деді ІІМ өкілі.

Сондай-ақ, ІІМ мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында өз үйінің ауласында опиумдық көкнар өсіріп отырған 52 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Одан полиция қызметкерлері 250 көкнар бұтасын тәркіледі. Егуге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Кеше күндіз "Дельта-Долина" есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі арнайы бөлінісі мен Жамбыл облысы полиция қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген арнайы операциясы аяқталды. Оның барысында Шу алқабының құмға дейінгі аймағында 39 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталып, одан 400 килограмм марихуанна алынды. Дайындалған есірткі үш палаткаға салып, кептіріп жатқан жерінде тәркіленді",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны