06.03.2007, 15:34 4133

Шульба су электр станциясының басшылығы үкімет басшысынан Бұлақ су электр станциясының құрылысын жеделдетуді өтінді

СЕМЕЙ. 6-наурыз. Kazakhstan Today. "AES Шульба су электр станциясы" ЖШС-нің басшылығы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтан Бұлақ су электр станциясының құрылысын жеделдете салуды өтінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған К.Мәсімов Шульба су электр станциясының басшылығымен қысқаша кеңес өткізді. Кездесу барысында кәсіпорынның пайдалану мәселелері жөніндегі директоры Святослав Полтаранин үкімет басшысына 2007-жылы республикалық бюджеттен Бұлақ су электр станциясының құрылысының техника-экономикалық негіздемесін жасауға 165 млн теңге бөлінетінін хабарлады. Осы орайда кәсіпорын басшылығы үкімет басшысынан техника-экономикалық негіздемені жасау және құрылыс салу жұмыстарын жеделдетуді, сондай-ақ, құрылысқа арнап жер телімін бөлуге қатысты құжаттаманы реттеуді өтінді.

Өз кезегінде К.Мәсімов бұл мәселенің наурыз айының ортасында үкіметте жеке қаралатынын айтып уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны