12.07.2011, 12:19 4192

Швецарияның тоғыз азаматы Қазақстаннан қуылды

Жамбыл облыстық ІІД мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері республика заңнамасын бұзған барлығы 5,7 мың шетел азаматы анықталған. Ал шетел азаматтарына қатысты барлығы 8 қылмыстық іс қозғалған.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - Швецарияның тоғыз азаматы Қазақстаннан қуылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық сот жыл басынан бері 650 заңсыз келген азаматты Қазақстан аумағынан тысқары жерге шығару туралы шешім қабылдаған. Атап айтқанда, елімізден тоғыз Швецария азаматы қуылған. Олар ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесе жұмыс жасау кезінде Гродиково ауылындағы "Айша Бибі" өткізу бекетінде қамауға алынған. Швецарлар Қазақстанға туристік визамен келген. Жамбыл облысының соты шетелдіктерді "Кетуден жалтарды" деген бап бойынша айыпты деп таныған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жамбыл облыстық ІІД мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері республика заңнамасын бұзған барлығы 5,7 мың шетел азаматы анықталған. Ал шетел азаматтарына қатысты барлығы 8 қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны