06.04.2020, 16:58 6347

Шымкент қаласында антисептіктерді заңсыз сатудың тағы бір фактісі анықталды

Шымкент қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында бақылаудағы сатып алу арқылы жалпы сомасы 4 740 000 теңгеге 1000 литр антисептикалық зат және 20000 дана медициналық қолқаптар тәркіленіп алынды.

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында антисептіктерді заңсыз сатудың тағы бір фактісі анықталды.

2020 жылдың 2 сәуірінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті құжаттарсыз және мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз антисептикалық заттарды сату фактісін анықтады.

Шымкент қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында бақылаудағы сатып алу арқылы жалпы сомасы 4 740 000 теңгеге 1000 литр антисептикалық зат және 20000 дана медициналық қолқаптар тәркіленіп алынды.

Аталған факті бойынша материалдар кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Шымкент қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасы ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Хаттамасының 8 тармағының негізінде тәркіленген антисептикалық заттар жауапты сақтауға Шымкент қаласы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына жолданды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны