07.11.2024, 17:00 100611

Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды

Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды
2013 жылы жергілікті атқарушы органның қаулысымен ЖШС-ке синтетикалық жіп және микрофибрадан және басқа да тоқыма материалдарынан жасалған бұйымдар шығаратын зауыт салу үшін ауданы 2,0 га жер учаскесін берді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Алайда, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Шымкент қалалық департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында учаскенің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтыны анықталды.

Департамент ҚР Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы ұйғарым берді.

Нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берілді.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот кадастрлық құны 70 млн. теңге болатын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны