28.04.2015, 17:19 3808

Си Цзиньпин Н.Назарбаевты президенттік сайлауда жеӊіске жетуімен құттықтады

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа оныӊ президенттік сайлауда жеӊіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Қытайдыӊ Халықаралық радиосы хабарлайды

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа оныӊ президенттік сайлауда жеӊіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Қытайдыӊ Халықаралық радиосы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Си Цзиньпинніӊ атап өткеніндей, Қытай мен Қазақстан - жақсы көршілер, достар және серіктестер. Дипломатиялық қатынастар орнатылған соӊ екіжақты байланыстар табысты дамып жатыр. Қытай Қазақстанмен қатынасына әрқашан үлкен көӊіл бөліп, олардыӊ стратегиялық әріптестігін сапалы жаӊа деӊгейге шығару үшін күш салуға дайын. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны