04.11.2010, 15:41 4002

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының әрбір бесінші мемлекеттік сатып алу саласында жасалады

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының әрбір бесінші мемлекеттік сатып алу саласында жасалады. Бұл туралы бүгін "Сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру - Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуы мен экономикалық гүлденуінің басты шарты" тақырыбындағы өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - қараша. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының әрбір бесінші мемлекеттік сатып алу саласында жасалады. Бұл туралы бүгін "Сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру - Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуы мен экономикалық гүлденуінің басты шарты" тақырыбындағы өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жекелеген бағыты (қаржы полициясы жұмысының - агенттіктің ескертуі) сыбайлас жемқорлықтың қайнар көзі мен ортасы болып табылатын көлеңкелі экономикамен күресуге бағытталған. Агенттік сарапшыларының зерттеулері негізінде жоғары деңгейлі көлеңкелі салалар анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу, құрылыс, жер пайдалану, сыртқы экономика қызметі, банк саласы",- деп хабарлады Қ. Қожамжаров.

Сондай-ақ ол, "әлемдік масштабтағы проблема - мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық Қазақстанды айналып өтпегендігін" атап өтті. "Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының әрбір бесінші мемлекеттік сатып алу саласының еншісінде. Олардың барлығы бюджеттік қаржыны жымқырумен, пара алумен байланысты",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны