01.03.2018, 14:39 5220

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кезекті республикалық кәсіпкерлер форумы өтті

Кәсіпкерлерге маӊызды 16 саладағы талдаудыӊ нәтижесінде мемлекеттік органдарға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 800-ден астам ұсынымдар енгізілді

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊТөрағасы Алик Шпекбаевтыӊ және ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊТөралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтыӊ қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша екінші республикалық кәсіпкерлер форумы өтті.

Форумныӊ жұмысына Парламент депутаттары, еліміздіӊ барлық өӊірлерінен бейнеконференц байланыс арқылы бизнес-қауымдастық, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдардыӊ өкілдері қатысты.

Агенттіктіӊ басшысы өзініӊ алғы сөзінде Кәсіпкерлердіӊ екінші форумы кәсіпкерлікті әділетсіз лауазымды тұлғалардан қорғау үшін мемлекет пен бизнестіӊ күш-жігерін біріктіретін дәстүрлі іс-шара екендігін атап өтті. Өткен жылы мұндай фактілер 2016 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда үштен бір есеге көп жолы кесілген (2017 жылы - 352, 2016 жылы - 262).

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев 2025 жылға дейін қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мемлекет пен қоғамды осы теріс құбылысқа қарсы күресте күш біріктіруге бағыттайтынын атап өтті. Жол картасы нәтижесі кәсіпкерлік қызметін реттеуді жетілдіру бойынша заӊнамада және басқа 45 заӊнамада көрініс тапты, ал бұл заӊнамаларды әзірлеуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атсалысқан. Бизнесті қорғау мәселелерінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолдауыныӊ маӊызы зор.

Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кәсіпкерлердіӊ республикалық І форумы 2016 жылдыӊ 5 желтоқсанында өткен болатын. Нәтижесінде тараптар "Атамекен" және Агенттік арасында ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру бойынша Жол картасына қол қойды.

Алик Шпекбаев мемлекеттік аппараттыӊ бизнеспен өзара қарым-қатынасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жолында "Атамекен" ҚР ҰКП-мен бірге жүзеге асырылған жұмыстыӊ оӊ нәтижелігін атап өтті.

"Біздіӊ еліміз үшін кәсіпкерлік қызметін реттеу мәселелері еӊ өзекті мәселе болған және болып та қала бермек. Бизнес-процестерін оӊтайландыру және артық бақылау функцияларын анықтау үшін барлық мемлекеттік органдар қызметіне талдау жүргізу күтілуде. Мемлекет басшысы бірнеше рет "Егер бизнеске үнемі реттеушілік жүктемелер көбейе берсе кәсіпорындар қалай өседі?" деген сын айтты. Агенттік өз қызметініӊ басымдықтарыныӊ бірі ретінде кәсіпкерлікті қорғау мәселесін белгілейді". - деп атап өтті Агенттік Төрағасы.

Форумға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін тәуекелдерді азайту және жою саласында жүргізілген жұмыстардыӊ нәтижелері ұсынылды.

Кәсіпкерлерге маӊызды 16 саладағы талдаудыӊ нәтижесінде мемлекеттік органдарға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 800-ден астам ұсынымдар енгізілді.

Олардыӊ іске асырылуы 40-тан астам нормативтік актілердіӊ жобаларында көрініс тапты, олардыӊ 12-і қазірдіӊ өзінде қабылданды.

Ұсыныстардыӊ орындалуыныӊ еӊ маӊызды нәтижелері ретінде іс-шараға қатысушылар мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынастарды ырықтандыруды, жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздердіӊ саныныӊ 62% төмендеуін (32-ден 12-ге дейін), салық төлеушілердіӊ әртүрлі санаттары бойынша салықтық әкімшілендіруге дифференцияланған тәсіл енгізуді, салық заӊнамасыныӊ тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шектеу нормаларын енгізуді.

Жер қатынастары саласында - қазіргі уақытта Парламентте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлудіӊ ашық рәсімдерін қарастыратын заӊ жобасы келісуде, оныӊ ішінде конкурстық комиссияға қоғам өкілдерін қосу (комиссия мүшелерініӊ жалпы саныныӊ кемінде 50%).

Денсаулық сақтау саласында дәрілік препараттарды өндірушілерді тексеру үшін еуропалық жүйені енгізу (тіркеу кезінде ғана емес, үш жылда бір рет) және дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді электронды сатып алуға көшу жоспарлануда.

Жалпы, барлық талданған 16 саладағы жетістіктер мен қабылданған шаралардыӊ нәтижелері арнайы ұйымдастырылған көрме аясында көрініс тапты.

"Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Рустам Жүрсінов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша ынтымақтастықтыӊ жаӊа бастамаларын таныстырды. Атап айтқанда, бизнеске қойылатын жоғары талаптарды жою ("Атамекенмен" жұмыс істеген уақытта 20 мыӊға жуық актініӊ жобасы тексерілді, оныӊ ішінде 500-ден аса заӊ жобасы болды. Бизнестіӊ ескерілген ұсынысы айтарлықтай өсті - 2015 жылғы 30%-дан биыл 73%-ға жетті). Сыбайлас жемқорлық қауіпсіздігін жоюдыӊ оӊ тәсілі - мемлекеттік органдардағы процестерді автоматтандыру. Агенттікпен атқарылған жұмыс аясында мемлекеттік қызметтіӊ анағұрлым қаупі бар 50 түрі іріктелді, бизнес-процестерге тереӊ талдау жүргізілді, артық процедуралар мен құжаттар қысқартылды.

Жүрсіновтыӊ айтуы бойынша кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген лауазымды тұлғалардыӊ жауапкершілігін күшейту және заӊнамалық актілерде мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктен құтылатын "сүзгілерді" алып тастау ықпалды құрал болады. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысыныӊ сапасын арттыру да оӊ әсерін береді: шығынды оӊтайландыру және процестерді автоманттандыру есебінен өнімділікті арттыру, "жария құқық заӊды тұлғаларын" қолдану тәжірибесін пайдалану бойынша шараларды іздестіру.

Агенттік пен "Атамекен" ҰКП арасындағы бірлескен жұмыстыӊ оӊ тәжірибесін ескере отырып, форум аясында 2018 жылға арналған тараптар арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімді іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қою рәсімі өтті.

Алдағы кезеӊге арналған Жол картасындағы негізгі міндеттері:

? артық бақылау функцияларын анықтау және оларды оӊтайландыру мақсатында барлық мемлекеттік аппараттыӊ қызметін талдау;

? лауазымды тұлғалардыӊ бизнестіӊ қызметіне заӊсыз араласу үшін жауапкершілігін күшейту;

? мемлекеттік аппараттыӊ клиентке бағдарлануы, оныӊ ашықтығы және бизнес-үдерістерді автоматтандыру болып анықталды.

Форумға қатысушылардыӊ пікірі бойынша, осындай мақсаттарға қол жеткізу бизнес үшін қылмыстыӊ қатысушылары болудан гөрі бейресми төлемдер мен паралардыӊ алдын алу және олар туралы хабарлаған жақсы екендігі туралы белгі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны