16.09.2009, 17:53 3089

Сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекет партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және БАҚ-тармен бірлесуге тиіс - Назарбаев

Сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекет партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және БАҚ-тармен бірлесуге тиіс - Назарбаев

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекет партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және БАҚ-тармен бірлесуге тиіс. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуының алғышарты - сыбайлас жемқорлықпен күрес және лайықты басқару" атты халықаралық конференцияда пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Азаматтарды ерте жастайынан құқықтық мәдениетке тәрбиелеу қажет. Осынау игілікті істе мемлекет партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және БАҚ-тармен бірлесуге тиіс ", - деді Н. Назарбаев.

Ол сонымен бірге, "сыбайлас жемқорлықпен күрес - тек қылмыскерлерді жазалауға бағытталған батыл шаралар ғана емес екенін" атап өтті. "Бұл - мемлекеттер күнделікті тер төгуге тиіс жұмыстардың толық кешені. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі табыс көп жағдайда әлемдік қоғамдастықтың бірлескен ырғақты іс-қимылдарының нәтижесіне де байланысты", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны