13.07.2026, 12:01 17021

СІМ: Бангкоктағы өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ

СІМ: Бангкоктағы өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ
Бангкокта орын алған өрттен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Ведомство орын алған оқиғаның жай-жапсарын бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Қазіргі уақытқа дейін Таиландтың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматтарының зардап шеккені туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанның Бангкоктағы елшілігіне де еліміздің азаматтарынан ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бақылауында", - деді СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.


Естеріңізге сала кетсек, Бангкоктағы барлардың бірінде шыққан өрт салдарынан 27 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны