13.07.2026, 13:47 26151

СІМ ұшақ шұғыл қонғаннан кейін отандасымыздың ауруханаға жатқызылғанын растады

СІМ ұшақ шұғыл қонғаннан кейін отандасымыздың ауруханаға жатқызылғанын растады
Сурет: Depositphotos
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 8 шілдеде Qatar Airways әуе компаниясының Доха - Майами бағытындағы рейсі шұғыл қонғаннан кейін Португалияның Азор аралдарындағы Понта-Делгада қаласында Қазақстан азаматының ауруханаға жатқызылғанын растады.

СІМ мәліметінше, әйел жіті инсульт алған. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап жатыр, жағдайы біртіндеп тұрақтанып келеді.

"Қазақстанның Португалиядағы елшілігі науқастың жанындағы туыстарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп, медициналық мекемемен өзара іс-қимылды үйлестіріп отыр. Жағдай министрліктің бақылауында", - деп хабарлады ведомство.


Бұған дейін зардап шеккен әйелдің қызы әлеуметтік желіде анасының ұшу кезінде инсульт алғанын жазған болатын. Оның айтуынша, ұшақ Санта-Мария аралына шұғыл қонғанымен, әйелге бірден қажетті медициналық көмек көрсетілмеген.

Ол кейін науқас әскери ұшақпен басқа аралға - Понта-Делгада қаласына жеткізілгенін де айтқан болатын. Бұл шамамен 16 сағатқа созылған және осы уақыт ішінде оған медициналық көмек көрсетілмеген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны